Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Педагогикалық қолдау
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 30 қаңтар күні Қазақстан жалпы білім беретін мектебі базасында ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңа форматтағы сабақ: оқу мақсаттарына жетудің нақты қадамдары» тақырыбында әдістемелік қолдау жұмысы өткізілді.

Іс-шара барысында жаңа форматтағы сабақ құрылымы, оқу мақсаттарына жетудің тиімді жолдары, тапсырмаларды дұрыс жоспарлау және сабаққа құндылықты кіріктіріп оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелері қарастырылып, педагогикалық қолдау көрсетілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Әдістемелік қолдау мұғалімдердің педагогикалық әлеуетін нығайтып, оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталды.