Әр кітап-жаңа ой,жаңа әлем.
Бір бетті алсаң,жаңа ой,бір кітапты оқысаң-жаңа әлем табасың."Оқуға құштар мектеп","Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы" жобалары аясында "Момынай"жалпы білім беретін мектеп"КММ-інде "Менің сүйікті кітабым","Бір сынып-бір кітап", "Кітап оқу арқылы біз нені үйренеміз?" тақырыптарында 8,9,10сыныптың оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс -шараның мақсаты оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,Кітап арқылы ойларын дұрыс жеткізу, жастарды қызықтыру. Қатысушы оқырмандар сыныптарында 20 минуттық кітап оқу барысында оқып талқылаған кітаптары мен сүйікті шығармаларын насихаттады.Арнайы дайындаған анкеталық параққа оқыған кітаптарының атын, авторын,негізгі идеясы,әрекеті ,жанры,басты кейіпкерлер жайлы мәліметтерін толтырды.Оқуға кеңес берді.Кітап оқу арқылы нені үйренеміз,кітап жәй ғана әріп тану емес,ол ойды тереңдеп,дүниетанымызды кеңейтеді.Сөйлеу,ойлауды,мәдениетті дұрыс шешім қабылдауды дамытады деп ой пікірлерін білдірді.
Әрбір қатысушы өз ойларын терең жеткізе білді.Іс-шараны ұйымдастырған кітапхана меңгерушісіЖ.Шымыралиева,педагог ұйымдастырушы А.Давыдов.