Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Төлеби ауданында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
🇰🇿 Мерекелік жиын Мемлекеттік Әнұранның бір мезгілде орындалуымен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілді. Бұл тағылымды шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға бағытталды.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейліктің басты нышаны екендігін атап өтті.
Салтанатты жиынға Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын және тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін айқындайтын қасиетті белгілер. Сондықтан оларды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы.
Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
📍 Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге құрмет!