Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

РЕСМИ ХАБАРЛАМА
Төлеби ауданы №11 жалпы білім беретін мектебі 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген болатын.
2026 жылғы 26 ақпанда қолайсыз ауа райы (қатты жел, нөсер жауын-шашын) салдарынан мектеп ғимаратының кіреберіс шатыр жабындысының бір бөлігінен су өту жағдайы тіркелді.
Аталған мәселе білім бөлімі тарапынан бірден бақылауға алынып, мердігер мекеме — "Жаңа Арна Құрылыс" ЖШС-не ресми түрде хабар берілді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталған ақауларды жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Құрылыс нысанына 5 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылған. Осыған сәйкес туындаған ақаулар кепілдік міндеттемелер аясында, қолданыстағы заңнама талаптарына сай толық көлемде қалпына келтіріледі.
Білім бөлімі тарапынан жағдай тұрақты бақылауда.
Біздің басты мақсатымыз — оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада сапалы білім алуын қамтамасыз ету.