Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында бір мекемеде 10 жылдан астам уақыт басшы лауазымында қызмет атқарып жүрген азаматтар жоқ.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес, ашық әрі әділ конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Түркістан облысының білім басқармасы тарапынан Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты келесі білім беру ұйымдарының директор лауазымдарына конкурс жарияланған:
– «№7 ІТ мектеп-лицейі»
– «Төңкеріс шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп»
– «Аршалы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп»
– «Оңтүстік шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп»
– «Қосағаш жалпы білім беретін мектеп»
Қазақстан Республикасының білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін кез келген азамат конкурсқа қатысуға құқылы.
Конкурс қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлер өздерінің кәсіби біліктілігін дәлелдеп, білім беру ұйымдарын басқару ісін тиімді жүзеге асырып, тәжірибелерін жетілдіруде.