Республикалық байқауда жүлделі ІІ орын!
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық Ілияс Жансүгіров оқуы байқауында Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Абдуалы Нұрбек жүлделі ІІ орынды иеленді.
Білім мен өнерді ұштастырған дарынды оқушының бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, жүйелі дайындықтың және ұстаз еңбегінің жемісі.
Жетекшісі – Тилемисова Бағила.
Талантты шәкіртіміз бен жетекшісін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын!
