Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 Республикалық кезеңнен жүлделі орын!

2026 жылғы 9-11 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде облысымыздың абыройын қорғаған Төлеби ауданының білім бөліміне  қарасты №10 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Абдсеит Динара жүлделі орынға ие болды.
Аталған байқау дарынды оқушыларды тәрбиелеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген шығармашыл педагогтерді анықтауға және олардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беруге бағытталған.
Бұл жетістік - аудан педагогтерінің кәсіби шеберлігінің және білім беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелі әдістемелік жұмыстардың нәтижесі.
Осы орайда Абдсеит Динараны және №10 мектеп ұжымын ауданымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз! 
Ұстазға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз.