РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты мектептерден 40 оқушы қатысып, оның 20-сы жүлделі орындарға ие болып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Бұл жоғары нәтиже – оқушылардың білімге деген табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің айқын дәлелі.
Жеңімпаз атанған оқушыларымызды, оларды сапалы біліммен тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарды және қолдау көрсеткен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ауданымызда дарынды, білімді, бәсекеге қабілетті оқушылардың саны арта берсін!