Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби ауданыңың ұстаздары 2026 жылдың 12–13 наурыз күндері Арыс қаласында өткен облыстық мұғалімдер арасындағы ROBOTUR–VІ байқауында БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Байқауға әр мектептен 14 қатысушыдан құралған команда қатысып, түрлі санаттар бойынша бақ сынады.
Жеке санаттар бойынша нәтижелер: «Қазақ барысы» – Сайлау Бақдаулет 1 орын «Дрон» – Туралиев Бақберген 1 орын «Көкпар» – Батырхан Қазыбек 2 орын «Садақ ату» – Мырзаев Бексұлтан 3 орын «Кедергі» санаты – Нышанбай Медет, Зиябек Болатбек 2 орын
FLL Challenge санаты бойынша команда құрамы: Кукимов Мұратхан, Мергенбай Білімғали, Рахматуллаев Мейрамбек, Қуандық Алуа, Аширова Венера, Амзеев Жансерік, Жақыпов Наурызбай, Асқарбек Асылжан.
Аталған команда 1 орынды иеленді. Командалық есеп бойынша команда 1 орын алып, байқаудың жылжымалы кубогын жеңіп алды.
Бұл – білім мен біліктіліктің, қажырлы еңбек пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім саласының дамуына үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!