Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

САПАЛЫ АС – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте семинар өткізілді. 
Іс-шараға білім бөлімінің қорғаншылық жөніндегі әдіскері, 67 мектептің әлеуметтік педагогтары мен медбикелері, сондай-ақ тамақтану қызметін көрсетуші кәсіпкерлер қатысты. 
Жаңартылған стандарт балаларды қауіпсіз, сапалы және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етуге, көкөніс пен жеміс-жидек үлесін арттыруға, тұз, қант және май мөлшерін азайтуға бағытталған.
️Сонымен қатар, ерекше диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелері кеңінен қарастырылды. 
Семинар барысында 2025–2026 оқу жылына арналған бір реттік ыстық тамақтың төрт апталық маусымдық мәзірі талқыланып, қатысушылардың ұсыныстары ескерілді.