Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар!

Соңғы қоңырау – жаңа өмірге бастар маңызды белес. Осы айтулы күні баршаңызды тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз.

Полиция қызметкерлері тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Құрметті оқушылар! Жолда абай болыңыздар. Көлік кортежімен жүру – қауіпті әрі заңмен тыйым салынған.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару – ортақ жауапкершілік.

Баршаңызды заң мен тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Мереке қуанышқа толы, қауіпсіз әрі жарқын өтсін!

ҚР Ішкі істер министрлігі