«Сталкингті тоқтат!» атты форум өткізілді.
2026 жылдың 16 ақпаны күні аудандық полиция бөлімімен бірлескен «Сталкингті тоқтат!» атты форум ұйымдастырылды. Аталған форумға мектеп басшыларымен бірге 10-11 сынып оқушыларынан 250 оқушы қатысты.
Іс-шара барысында қоғамда белең алып отырған сталкинг мәселесі кеңінен талқыланып, оның адам өмірі мен психологиясына тигізер зияны түсіндірілді. Сталкинг – жай ғана мазалау емес, бұл адамның жеке шекарасын бұзу, қауіпсіздігіне қатер төндіру.
Сонымен қатар, қыз алып қашу – дәстүр емес, қылмыс екені нақты жеткізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, адамның еркінен тыс бостандығынан айыру – заң алдында жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық.
Форум барысында жастармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнеролик ұсынылды. Әр азамат заңды білуге және өз құқығын қорғауға міндетті.
Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.
Әркімнің жеке шекарасы – құрметке лайық!