«ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2026 жылғы 30 сәуір күні Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыс педагогтері арасында өткен дәстүрлі спорттық дода – қазақ күресінен «Ұстаз Барысы – 2026» облыстық жарысы ұйымдастырылды.
Дода 7 салмақ дәрежесі бойынша (60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг) өтті.
Төлеби ауданының білім беру ұйымдарының ұстаздары тамаша өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді!
Жекелей нәтижелер:
1 орын - Құрмантай Дулат – 60 кг (Төлеби SMART ЖББМ)
1 орын - Салыхан Жанарыс – 66 кг (№10 ЖББМ)
2 орын - Абубәкір Орынбек – 100 кг (Т.Тоғысбаев ЖББМ)
Сонымен қатар, «Түйе палуан» атағын Т. Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Абубәкір Орынбек 2 орын иеленді.
Білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы жеңімпаз педагогтарды құттықтап, алғысын білдірді.