Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ұстаз еңбегіне – зор құрмет.

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздар – қоғамның ең қадірлі тұлғаларының бірі. Ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, талай ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берген ардагер педагогтердің еңбегі әрдайым құрметке лайық.8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы білім саласында ұзақ жылдар адал қызмет атқарып, шәкірттері түрлі республикалық білім додаларында топ жарған ардагер ұстаз аналарды арнайы барып құттықтады.Кездесу барысында ардагер ұстаздарға олардың сан жылдық еңбегі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді. Бұл – ұстаз еңбегіне деген шынайы ризашылықтың және аға буын педагогтерге деген ілтипаттың айқын көрінісі.