СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА
2026 жылдың 28 сәуір күні Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамыту.
Сабақ барысында оқушылар судың тіршілік көзі екенін терең түсініп, оны қорғау мен үнемдеудің маңыздылығын жан-жақты талқылады. Түрлі танымдық тапсырмалар, пікір алмасу және тәжірибелік жұмыстар арқылы өз білімдерін толықтырды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.