Төлеби аудандық білім бөлімінде азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдап, көтерілген мәселелерді мұқият тыңдады. Қабылдау кезінде қалалық және аудандық мектептерде театрландырылған цирк шоуын жарнамалау мәселесіне қатысты ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар педагогтар арасында туындап отырған еңбек дауларына байланысты бірқатар мәселелер қаралып, аталған сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Білім бөлімі тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысын мұқият қарап, тұрақты бақылауда ұстайды.