Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен кезектен тыс алқалы кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру, соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру рәсімдерін талапқа сай өткізу, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі профилактикалық жұмыстар мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиынға Төлеби АПБ ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Ербулат Бахтыбаевич Бейсембаев қатысып, жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы мен судағы қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы оқу жылының аяқталуына байланысты барлық іс-шараларды жоғары жауапкершілікпен ұйымдастыру қажеттігін атап өтіп, балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет екенін ерекше айтты.
Кеңесте бітіруші түлектердің ҰБТ-ға сапалы дайындалуы, тестілеу барысында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ бірлескен бұйрығына, Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы №4 қаулысына және Түркістан облысы білім басқармасының 06.05.2026 жылғы №205 бұйрығына сәйкес:
- мектеп бітіру кештерін, банкеттерді, автошеру ұйымдастыруға;
- таңды қарсы алу іс-шараларын өткізуге;
- мейрамхана, кафе, демалыс орындары мен табиғат аясында іс-шара өткізуге;
- оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға;
- мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
- арнайы сәндік киімдер алуға;
- ойын-сауық орындарына және қауіпті аймақтарға баруға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.
Аттестат пен куәліктерді табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізілетіні ескертілді.
Кеңес қорытындысында берілген тапсырмалар мен талаптардың орындалуы білім беру ұйымдары басшыларының тікелей бақылауында болатыны айтылды.
Төлеби ауданының білім бөлімі