Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби ауданының барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Биылғы мерекелік жиындар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында өтіп, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы тәрбие сағаттары өткізілді. Түлектерге қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
2025–2026 оқу жылында Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты 71 мектепте 29 750 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 1818 оқушы 11-сыныпты, 2514 оқушы 9-сыныпты тәмамдады.
Биыл аудан мектептерінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқушылар қатары артып отыр. Атап айтқанда, 103 оқушы «Алтын белгіге», 156 оқушы «Үздік аттестатқа», ал 9-сынып бойынша 244 оқушы үздік аттестатқа үміткер атанды. Бұл – оқушылардың табанды еңбегі, ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Мерекелік іс-шараға Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, Ленгер қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушыларын оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Сонымен қатар жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар қауымының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегіне ризашылығын білдірді.
1479 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, болашақтарына нық қадам жасамақ. 
Барша түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын болашақ тілейміз!