Төлеби ауданында білім беру ұйымдарының қызметі кешенді сарапталды.
Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновтың жоспарлы жұмыс сапары аясында Төлеби ауданындағы білім беру ұйымдарының қызметі жан-жақты талданды.
Сапар барысында білім сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуы, басқару тиімділігі, кадрлық әлеует, инклюзивті білім беру, қаржылық тәртіп пен ашықтық мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар «Заң және тәртіп» нормативі мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүйелеу қажеттілігі атап өтілді.
Кеңейтілген кеңесте алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, білім сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.