Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ КЕШЕНДІ САРАПТАЛДЫ

Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновтың жоспарлы жұмыс сапары аясында Төле би ауданындағы білім беру ұйымдарының қызметі жан-жақты сарапталды.

Жұмыс сапары барысында білім беру сапасын арттыруға кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер анықталып, оларды жүйелі шешуге бағытталған нақты міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында заңнама талаптарының сақталуы, басқарушылық шешімдердің орындалуы және ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану, педагогтердің оқу жүктемесін оңтайландыру, біліктілік санатын арттыру және аттестациядан уақтылы өту мәселелері талқыланып, білім сапасына тікелей әсер ететін факторлар нақты айқындалды.

Инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы қолдауды қажет ететін балалармен жұмысты күшейту, сондай-ақ қаржылық тәртіп пен ашықтықты сақтау мәселелері де жұмыс сапарының басты назарында болды.

Сондай-ақ, «Заң және тәртіп» нармативін ілгерілету аясында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және білім саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету ескертілді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүйелі жұмысты үйлестірудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кеңейтілген кеңес барысында білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кезеңнің қорытындылары талданып, алдағы уақытта білім сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.