Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгін Төлеби ауданы, Киелі тас ауылдық округіне қарасты «Спутник» балаларды сауықтыру орталығы базасында аудандық оқу-дала жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Түркістан облысы білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20–24 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-жаттығу дала жиыны өз жұмысын бастады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіпке баулу.

Жиынның ашылу салтанатында оқушылар сапқа тұрғызылып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, жиын барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы жас буынға жүрекжарды тілегін білдіріп, бұл жиын олардың шыңдалып, тәртіп пен жауапкершілікті терең сезінуіне зор мүмкіндік екенін атап өтті.

Оқу-дала жиыны барысында оқушылар әскери саптық дайындық, тактикалық жаттығулар, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгереді.

Аталған шара жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтып, олардың болашақта ел қорғаны болуына берік негіз қалайды.