Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби ауданында оқу-дала жиынының салтанатты жабылуы өтті
Ауданда жас буынның әскери дайындығын нығайтуға бағытталған тағылымды іс-шара өз мәресіне жетті. «Спутник» лагері базасында 10-сынып оқушыларының 5 күндік оқу-дала жиындарының қорытынды кезеңі ұйымдастырылып, салтанатты түрде жабылды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің аппарат басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Майлыбаев Ерменбай, Кәсіподақ комитетінің төрайымы Кульбаева Жібек, білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары, аудан мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні мұғалімдері мен жас сарбаздар қатысты.
 Жиын барысында қатысушылар мұндай оқу-жаттығулардың жасөспірімдердің тәртіпке бағынуын қалыптастырып, ел алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Аталған жиынға Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының 10-сыныптарынан 738 оқушы қатысты.
Шара соңында жас сарбаздар саптық дайындықтарын көрсетіп, оқу барысында алған білімдері мен машықтарын іс жүзінде дәлелдеді.