Төлеби ауданында «Шабыт шыңы» өнер фестивалі өтті
Бүгін Төлеби ауданында «Шабыт шыңы» атты облыстық өнер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шара Түркістан облысының білім басқармасының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, ақпан–мамыр айлары аралығында өңір көлемінде өткізілуде.
Фестиваль «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Биылғы фестивальде 560 оқушы өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден керемет қойылымдар ұсынып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесіне 59 мектеп қатысып, оқушылардың қолынан шыққан бірегей туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл – өскелең ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ізденісінің айқын көрінісі. Осындай тағылымды шаралар арқылы біз жас дарындардың қанатын қатайтып, олардың жарқын болашағына жол ашамыз.
Өнерлі ұрпақ – ел болашағы!