Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 11-сынып түлектері алтын ұя мектебімен қоштасты.
2025–2026 оқу жылында ауданымыздағы 71 мектепте білім алған 29 750 оқушы оқу жылын табысты аяқтады. Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін бұл күн – үлкен өмірге бастар маңызды белес болды.
Мерекелік іс-шаралар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында өтіп, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында арнайы тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Салтанатты жиын барысында ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, ақ жол тіледі. Сонымен қатар, жас түлектерге үлкен өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашаққа сенім білдірілді.
Құрметті түлектер!
Біліммен қаруланған қадамдарыңыз нық, армандарыңыз асқақ болсын! Ел болашағына қызмет ететін білімді де білікті азамат атануларыңызға тілектеспіз!
Төлеби ауданының білім бөлімі