Төлеби ауданында «Жасанды интеллект: мұғалім үшін мүмкіндік, оқушы үшін шабыт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылдың 28 сәуір күні Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні онкүндігінің аясында «Жасанды интеллект: мұғалім үшін мүмкіндік, оқушы үшін шабыт» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын талқылау, оның басқару аспектілері мен артықшылықтарын айқындау. Сонымен қатар, ЖИ қолданудың өзекті мәселелері мен болашағы жөнінде пікір алмасу болды.
Дөңгелек үстелге аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері мен Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті. Мұғалімдер тарапынан нақты мысалдар мен тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Бұл өз кезегінде білім беру саласындағы заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын айқындады.
Осындай мазмұнды кездесулер білім беру үдерісін жаңғыртуға, педагогтердің кәсіби дамуына және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.