Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.
2026 жылдың 22 мамыр күні Төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп, Сайрам-Өгем шатқалында ата-аналар мен демалушыларға судағы қауіпсіздік және табиғат аясындағы сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында арнайы жадынамалар таратылып, су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген орындарда шомылмау, таулы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Мамандар тұрғындарды жаз мезгілінде қауіпсіздік талаптарына бейжай қарамауға шақырды. Балалардың өмірі мен денсаулығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.