Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 2026 жылғы 6 мамыр күні Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні онкүндігі аясында «ЖИ арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту: мұғалімнің іс-тәжірибесі» тақырыбында тәжірибелік алаң ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне тиімді енгізу, педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және оқушылардың шығармашылық, цифрлық әрі сыни ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын қарастыру болды.
Тәжірибелік алаң барысында: «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі» тақырыбында коучинг өткізіліп, ЖИ құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану жолдары таныстырылды; «ЖИ технологияларының сабаққа кірігуі цифрлық теңдікке әкеле ме?» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдер арқылы ортаға салды;
«ЖИ көмегімен вайб-кодинг әдісін сабаққа енгізу» және «Информатика сабағында жасанды интеллектті кіріктіру жолдары» тақырыптарында тәжірибелік жұмыстар мен нақты нәтижелер ұсынылды;
Mentimeter платформасы арқылы сауалнамалар жүргізіліп, қатысушылардан кері байланыс алынды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи білім беру кеңістігінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталды.