Төлеби ауданының мақтаныштары
10–13 ақпан күндері Астана қаласында өткен FIRST Robotics Central Asia Championship-2026 халықаралық чемпионатында №10 жалпы білім беретін мектебінің BARNI командасы
Robot Performance Award Finalist мәртебесіне ие болды.
Бұл марапат — команданың роботты бағдарламалау, техникалық шешім қабылдау және жарыс кезіндегі жоғары нәтижесін мойындаудың айқын дәлелі.
Жас өнертапқыштарымыз Төлеби ауданының абыройын халықаралық деңгейде асқақтатты!
Команда мүшелеріне, жетекшілеріне және қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз!
Жетістіктеріңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда биік белестер тілейміз!