Төлеби ауданының оқушылары – республикалық кезеңге жолдама алды!
Ұлттық мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңінде волейбол спорт түрі бойынша Төлеби ауданының оқушылар командасы жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.Жас спортшылар тартысты бәсекеде өздерінің табандылығы мен ұйымшылдығын, спортқа деген шынайы сүйіспеншілігін айқын көрсете білді. Бұл жетістік – жүйелі дайындық пен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нақты нәтижесі.Жеңімпаз команданы және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы республикалық кезеңде де толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!
