Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Айбын-2026» республикалық әскери-патриоттық жиынының Түркістан облыстық іріктеу кезеңінде Төлеби ауданының командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Аталған жетістікке орай Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы жеңімпаз оқушыларды қабылдап, аудан абыройын асқақтатқан табыстарымен құттықтады. Сонымен қатар, жас сарбаздарды дайындаған жетекшілерге кәсіби шеберлігі мен өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие берудегі еселі еңбектері үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында білім бөлімінің басшысы жас сарбаздарға алдағы жарыстарда толағай табыс тілеп, елжандылық пен патриоттық рухты қалыптастыру жолындағы жетістіктері арта беруіне сенім білдірді.