Бүгін Төлеби ауданындағы «Төлеби нұры» балалар жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Жазғы демалыс маусымының алғашқы ауысымында Төлеби ауданына қарасты білім беру ұйымдарынан 224 оқушы лагерьмен қамтылып отыр. Лагерь жұмысының басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау.
Алдағы күндері демалушылар үшін спорттық жарыстар, қызықты ойындар мен танымдық іс-шаралар, шығармашылық байқаулар мен түрлі тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады.
Балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында лагерьде барлық қажетті жағдайлар жасалған.