Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Төлеби Нұры» лагерінде сенбілік ұйымдастырылды
Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Төлеби Нұры» жазғы сауықтыру лагерінде Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, әр ауысымда 224 бала лагерьде тынығып, сауықтыру шараларымен қамтылады.
Ағымдағы күні лагерь аумағында білім бөлімі қызметкерлері мен жақын маңдағы мектеп ұжымдарының қатысуымен сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар жазғы маусымға дайындық аясында жүзеге асырылып, демалушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.