Төлеби өрендері робототехникадан Азия кезеңінде бақ сынайды.
2026 жылдың 12-14 қаңтар күндері өткен Ontustik FIRST Qualifier 2026 республикалық іріктеу байқауында Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы №11 жалпы білім беретін мектебі, №7 ІТ мектеп-лицейі мен №2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ құралған командалар жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, «JAS-STARS» командасы Келешек лигасынан жеңімпаз атанып, сондай-ақ «САҚ» командасы Explore санаты бойынша "Tolebi force" командасы League Ghallenge санаты бойынша Азия кезеңіне жолдама алды.
Бұл жетістіктер – білім алушылардың тынымсыз еңбегінің, табандылығының, сондай-ақ жетекшілер мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі. Жас өрендеріміз робототехника бағыты бойынша ауданымыздың абыройын асқақтатты.
Осы орайда, командалардың барлық мүшелерін, жетекшілерін және қолдау білдірген ата-аналар мен әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз.
Жас жұлдыздарымызға алдағы Азия аренасында сәттілік тілейміз, жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!