Төлебидің оқушылары Эко жобада белсенділік танытты!
5–8 сынып оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Бұл – оқушыларымыздың экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтындығының, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Әрбір жоба арқылы оқушылар табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында өз ойларын ұсынып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жетекші мұғалімдер оқушылармен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың ізденіс дағдыларын дамытуға үлкен үлесін қосты.
Ауданнан облыстық кезеңге әр түрлі бағыт бойынша ең үздік деген жобалар жолдама алды.