«Түлектердің ағаш егуі»
«Қамқор» жобасы аясында «Жеңіс жалпы орта білім беретін мектебінде» дәстүрге айналған «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі өз жалғасын табуда.
Биылғы мектеп түлектері игі бастаманы қолдап, білім ордасының ауласына шырша көшеттерін отырғызды.
Түлектер туған мектептеріне деген алғысын білдіріп қана қоймай, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосуда.
Бүгін егілген көшеттер – ертеңгі жасыл болашақтың символы.