Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кездесу барысында ол бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне ерекше тоқталып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағы берік болатынын атап өтті. Сондай-ақ, бала тәрбиесінде отбасы жылуы, ана тәрбиесі, әке өнегесі мен рухани құндылықтардың маңыздылығын жеткізді.
Өз сөзінде ақын Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” өлеңін оқып, әр баланың туған жерін, туған тілін, салт-дәстүрін және тарихын құрметтеп өсуі қажет екенін айтты.
«ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ…»
Форумда ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу — саналы, тәрбиелі әрі елжанды ұрпақ қалыптастырудың басты негізі екені кеңінен айтылды.