Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әдіскер қызметкерлердің БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.
Құжаттарды №57 бұйрықтың 113 тармағына сәйкес, төменде көрсетілген мекеменің электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Лауазым атауы: Математика және физика пәні әдіскері
Орыс тілі пәні әдіскері
Алғашқы әскери дайындық пәні әдіскері
Педагог-психолог әдіскері
Әлеуметтік педагог әдіскері
5 штат бірлік
Жұмыс мерзімі: тұрақты
Жүктеме: 1 жүктемеде
Лауазымдық жалақы мөлшері: 180000-200000 теңге (орташа)
Өтініш қабылдау уақыты: 03.08.2026-11.08.2026 жж
Керекті құжаттар тізімі:
1) Өтініш (қосымшада берілген нұсқада)
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымынан анықтама;
9) Педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады