Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Ауданымызда өзбек тілінде білім алатын 10–11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – мақтанышым, болашағым» тақырыбында аудандық эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні маңызын терең түсіндіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар өз эсселерінде ел тәуелсіздігінің құндылығы, оның тарихи маңызы мен болашаққа деген сенімін ерекше тебіреніспен жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Икрамова Асал облыстық кезеңде бағын сынайтын болады.
Жас қаламгерлерге сәттілік тілейміз!