Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ТӘЖІРИБЕДЕН - ТАБЫСҚА
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 17 ақпан күні Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінде «Lesson Study – педагогтердің кәсіби дамуы мен білім сапасын арттырудың стратегиялық құралы» тақырыбында тәжірибелік алаң өткізілді.
Тәжірибелік алаңның негізгі мақсаты – оқыту сапасын жетілдіру, оқушылардың оқу жетістігін арттыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Іс-шара барысында зерттеуге енген педагогтер сабақтарға еніп, бақылау жасады және нәтижелеріне терең талдау жүргізіп, әдіс алмасты. 
Тәжірибелік алаң нәтижесінде:
 Сабақты жоспарлау мен талдаудың тиімді жолдары қарастырылды;
 Оқушының оқу әрекетіне бағытталған бақылау жүргізілді;
 Әріптестер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты;
 Кәсіби рефлексия мәдениеті нығая түсті. 
 Сіз өз тәжірибеңізде Lesson Study әдісін қолданасыз ба? Қандай нәтиже байқадыңыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!