Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Цифрлық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі» атты онкүндік аясында Төлеби балалар көркемсурет мектебінің оқушыларымен табиғат аясында арнайы плеэнер сабағы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын қалыптастыру, табиғаттың сұлулығын өнер арқылы бейнелеуге баулу, сондай-ақ цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың табиғатпен етене байланысын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу көзделді.
Плеэнер сабағы барысында оқушылар ашық аспан астында табиғат көріністерін бейнелеп, өз қиялдары мен шығармашылық шеберліктерін қағаз бетіне түсірді. Әрбір жас суретші туған өлкенің көркем табиғатын түрлі бояулар арқылы бейнелеп, ерекше туындылар жасады. Сабақ барысында оқушыларға сурет салудың композициялық шешімдері, түстер үйлесімділігі, табиғи жарық пен көлеңкені беру тәсілдері жөнінде әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Іс-шара балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, эстетикалық талғамын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. 
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың жан-жақты дамуына, өнерге қызығушылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.