Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ – ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ КЕПІЛІ!
2026 жылғы 19–20 ақпан күндері Түркістан облысы аумағында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі табысты өтті.
Аталған байқау – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық әлеуетін арттыруға, заманауи педагогикалық тәжірибелерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша 2026 жылғы 9–11 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге Төлеби ауданының атынан, №10 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Абсеит Динара Еркінқызы жолдама алды.
Төлеби ауданының білім бөлімі атынан жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңде облысымыздың, ауданымыздың намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз!
Сәттілік пен толағай табыс тілейміз!