Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 30 мамыр күні Төлеби ауданында кең ауқымды жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.
Аталған іс-шараға Төлеби ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының педагогтері және техникалық қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында Алатау ауылдық округіндегі «Біркөлік» демалыс аймағына апаратын жол бойы тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына қатысушылар табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза қоршаған орта – дені сау ұрпақтың кепілі!