Бүгін Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Тазару күні» аясында сенбілік ұйымдастырылып, айналаны абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, мектеп ұжымдары аумақтарды қоқыстан тазартып, жасыл желекті көбейту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды. 
Бұл игі бастама — табиғатты қорғауға үндеп, экологиялық сананы қалыптастыруға және туған жерге деген құрметті арттыруға бағытталған жарқын үлгі.