Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Цифрлық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі» атты онкүндік аясында Төлеби балалар көркемсурет мектебінде 11–13 жас аралығындағы оқушылар арасында “Бояу мен Болашақ” тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқау барысында жас суретшілер өз шығармашылық қабілеттерін танытып, цифрлық қауіпсіздік, бала құқығы, жарқын болашақ және қауіпсіз интернет тақырыптарын бейнелеу арқылы ерекше туындылар ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаз оқушылар дипломдармен марапатталды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және өнерге деген қызығушылығын арттыру.