Наурызнама онкүндігі аясында Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық қосымша білім беру педагогтары Ынтымақ күніне орай еліміздің барлық тұрғындарына арнап ән шашуын ұсынды.
Бұл шара – татулық пен бірліктің, өзара құрмет пен ізгіліктің айқын көрінісі болды.
Ән арқылы жеткізілген ақжарма тілектер жүректерге жылулық сыйлап, Наурыз мерекесінің шынайы рухын сезіндірді.
Ынтымақ бар жерде – береке бар!
Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесімен құттықтаймыз!