Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Заңды білу – жауапкершіліктің бастауы!
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 7 IT мектеп-лицейінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сталкинг (ізіне түсу, қудалау) тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың жеке қауіпсіздігін нығайту, құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру. 
Кездесу барысында арнайы түсірілген қысқаметражды фильм көрсетіліп, оқушыларға терең ой салатын маңызды ақпараттар ұсынылды.
Жиынға арнайы қонақтар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті:
Қала әкімі – жастардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын атап өтті;
Аудандық әкелер кеңесінің төрағасы – отбасылық тәрбие мен балаға қорған болудың мәнін түсіндірді;
Мектептің ардақты ата-анасы, имам – рухани құндылықтар мен әдеп нормалары жайлы ғибратты насихат айтты.
Кеш соңында мектеп өнерпаздары дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Ән мен күйдің үйлесімі іс-шараның мазмұнын толықтырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.