Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында 29.01.2026 жылы «№3 П.Тәжібаева атындағы  және «№16 Ш. Уалиханов атындағы  жалпы білім беретін мектептерінде  «Ерте жүктілік: құқықтық талаптар, оның әлеуметтік-психологиялық салдары және психологиялық көмектің маңызы» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себептері мен салдарын талдау, Қазақстан Республикасындағы заң талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ерте жүктілікке тап болған жасөспірімдерге көрсетілетін психологиялық көмектің рөлін ашу және олардың психикалық саулығын қорғаудың маңызын көрсету болды.

Іс-шара барысында Төлеби ауданы прокуратурасының прокуроры Әбдірахым Бексұлтан Маратұлы жыныстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік және заң талаптары туралы баяндама жасады. ББ әдіскері Исманова Розия Эрмековна отбасы мен қоғамның ерте жүктілікке көзқарасы жөнінде ой бөлісті. Ал «Жастар» денсаулық орталығының психолог маманы Амирбекова Акжан Кенжебекқызы ерте жүктілік кезіндегі жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар туралы маңызды мәліметтер ұсынды.