Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП 
04.02.2026 ж.
Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп», «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында маңызды онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемісов Даулет Бекбашұлы арнайы қатысып, мектеп оқушыларымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сұхбат жүргізді.
Әңгіме барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң тұрғысынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Балалардың құқықтары, қауіпсіз ортада білім алуы, интернеттегі қауіпсіздік және қоғамдағы тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
 Сонымен қатар, ата-аналардың белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Баланың қауіпсіздігі – тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені баса айтылды.
Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін оятуға үлкен үлес қосады. Бұл – болашақта құқықтық мәдениеті жоғары, тәртіпті ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы.