Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Заң және Тәртіп» бағдарламасы аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары

13.01.2026 жылы «Заң және Тәртіп» бағдарламасы шеңберінде Төлеби ауданының білім бөлімінің әдіскерлері А.х.Дарганова мен Р. Э. Исманова «Майбұлақ», «Қаратөбе», «Қостөбе», «Балдыберек», «Ханарық» мектептерінде болып, оқушылармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуі, түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара еркін форматтағы сұхбат түрінде өтіп, оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды. Әдіскерлер тарапынан барлық сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар берілді. Мұндай кездесулер балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын сақтауға оң ықпал етеді.