Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған онлайн байқау өз мәресіне жетті!

Оқушылардың заңға деген құрметін, әділдікке ұмтылысын және қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындау мақсатында өткізілген онлайн байқаға ұсынылған әрбір бейнероликтен терең ой мен құқықтық сауаттылық байқалды. Бұл – саналы, парасатты ұрпақтың қалыптасып келе жатқанының дәлелі.

Үздік деп танылған "Қаратөбе", Т.Тоғысбаев, Б.Түлкиев, Б.Биболатұлы, Сұлтан Рабат мектептерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да заң мен тәртіпті ту етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Барша қатысушыларға және балаларды жұмылдырып, сапалы жұмыс ұсынған әріптестерге алғыс білдіреміз!